Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 1-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер ұсынуға бағытталған мемлекеттік функциялардың жекелеген нысандарының бірі.
Қызмет алушы – жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда.
Қызмет көрсетуші – Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалар.
«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі өнеркәсіптік әлеуетті, жеке кәсіпкерлікті және сауданы дамыту салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ 2026 жылғы 21 қаңтардағы № 8 «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2025 жылғы 11 сәуірдегі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің № 85 қаулысымен бұрынғы «ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі екі дербес мемлекеттік органға бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды.
Осыған байланысты «Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызмет) лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі жаңадан құрылған Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасына берілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Басқарма мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 7 түрін көрсетеді:
906003 – Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру;
906004 – Инженерлік инфрақұрылымды дамыту және жеткізу бойынша қолдау көрсету;
1205003 – Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру құқығына жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шарты тіркеу;
1205009 – Алдағы құрылыс учаскесінің астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың болмауы немесе мардымсыздығы туралы қорытынды беру;
1205010 – Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарды салуға рұқсат беру;
1205016 – Старательдікке лицензия беру;
00906009 – Заңды тұлғаларға түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру.
2025 жылы барлығы 98 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілді, оның ішінде:
64 – жеке тұлғаларға;
34 – заңды тұлғаларға.
Жалпы көрсетілген қызметтердің ішінде:
1 қызмет – қағаз түрінде кеңсе арқылы;
97 қызмет – электрондық форматта көрсетілді.
Ең сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Старательдікке лицензия беру», оның үлесі көрсетілген қызметтердің жалпы санының 58%-ын құрайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны – 66, оның ішінде:
1 – негізсіз бас тарту.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде заңнаманы бұзу фактілеріне жол бермеу мақсатында 2025 жылғы 23 маусымда басқарма қызметкерлерімен кеңес өткізілді, онда ішкі бақылау нәтижелері және «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұсынымдары қаралды, тиісті тапсырмалар берілді.
Бас тартулардың жартысынан көбі старательдікке лицензия беру қызметі бойынша өтініш берушілер ұсынған құжаттардың мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында көзделген талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты.
Басқарманың www.gov.kz ресми интернет-ресурсын тұрақты негізде қолдау жүзеге асырылады, онда келесі бөлімдер жұмыс істейді:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл»
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер»
«Жаңалықтар»
Сондай-ақ Instagram әлеуметтік желісінде Басқарманың қызметі туралы ақпарат орналастырылатын upiir.vko парақшасы бар.
Есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша 15 түсіндіру іс-шарасы (тікелей эфирлер, БАҚ-та жарияланымдар, облыстың қалалары мен аудандарына жұмыс сапарлары, ауызша консультациялар) өткізілді, жалпы қамту саны – 647 адам.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына, сондай-ақ 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Басқармада жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (СЖТІТ) жүргізіледі.
2025 жылы ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау бірнеше бағыт бойынша, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша жүргізілді.
Есептік кезеңде 22 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды, оның ішінде 16 тәуекел (70%-дан астамы) нормативтік құқықтық актілердегі коллизияларға, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелеріне байланысты.
Тиісті ұсыныстар қарау және шаралар қабылдау үшін бейінді министрліктерге жолданды.
Аталған жұмыс тұрақты бақылауда.