Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің назарына

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің назарына

2026 жылғы 17-19 наурызда Алматы қаласында, «Атакент» халықаралық көрме орталығында (11 павильон) «Central Asia Plastworld 2026» пластмасса, полимерлер және каучук индустриясының 18-ші халықаралық көрмесі өтеді.

Көрме бөлімдері:

- пластмасса, орау, басып шығару және резеңке өндіруге арналған жабдық;

- полимерлер;

- жылу және бақылау жабдықтары;

- қоспалар мен суперконцентраттар;

- қалыптар;

- 3D басып шығару, қосымша өндіріс;

- гидравликалық және пневматикалық жабдық;

- қалдықтарды қайта өңдеу;

- полиуретан;

- композиттер;

- пластмассадан, резеңкеден, полиуретаннан, композиттерден және т. б. жасалған дайын бұйымдар.

Көрмеге әлемнің 20-дан астам елінен 200-ге жуық экспонент, соның ішінде: Қазақстан, Австрия, Германия, Италия, Ресей, Латвия, Польша, Үндістан, Түркия, Қытай, Иран, Өзбекстан және басқалар қатысады.