2022 жылғы 15 Маусымда ТБН-4 жоспарын іске асыру шеңберінде Шығыс қазақстан облысы қаржы басқармасының...

2022 жылғы 15 Маусымда ТБН-4 жоспарын іске асыру шеңберінде Шығыс қазақстан облысы қаржы басқармасының...

2022 жылғы 15 Маусымда ТБН-4 жоспарын іске асыру шеңберінде Шығыс қазақстан облысы қаржы басқармасының 2021 жылғы және 2022 жылғы 4 ай кезеңіндегі қаржы басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижелері талқыланды. Талқылауға Басқарманың жұмыс тобы және ШҚО бойынша бірінші Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығы филиалы басшысының орынбасары, ШҚО бойынша "ECOJER" ҚАРЭИ ЗТБ филиалының жобалық кеңсесінің менеджері, сарапшы Саримов Данияр Рыспекұлы қатысты. Ішкі талдау барысында анықталған НҚА және кадрлық қамтамасыз етудегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша басқарма қызметкерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жұмысты жалғастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайларды жою бойынша ұсынымдар берілді.