Семинар туралы

Семинар туралы

2022 жылғы 20 мамырда Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің меңгерушісі А.М. Масенова мен профессор, психология ғылымдарының кандидаты Г.В. Грызунованың қатысуымен семинар өтті. Семинар барысында мемлекеттік қызметшілер 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдумға шығарылатын «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен танысты, «Мемлекеттік қызметші, нәтижелі немесе тиімді болу» тақырыбындағы тренингке қатысты, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына магистратура және докторантура мамандықтарына түсу шарттарымен танысты.