Адалдық сағаты

Адалдық сағаты

2019 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасымен «Адалдық сағаттары»  атты облыстық іс – шара аясында қаржы басқармасында негізгі міндеттері тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтар үшін кедергісіз, қолайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылатын «Шығыс-адалдық алаңы» жобасына арналған дәріс өткізілді. Басқарма қызметкерлері жобаның мақсаттарымен, міндеттерімен, ұйымдық құрылымымен және біздің облыста жүзеге асырылып жатқан шаралармен танысты.