Семинар туралы

Семинар туралы

2022 жылғы 7 сәуірде қаржы басқармасында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы Г. А. Бекбаеваның қатысуымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын түсіндіру бойынша семинар өтті.

Семинар барысында басқарма қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнероликтер көрсетілді, қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.