Ант қабылдау

Ант қабылдау

2021 жылғы 6 қазанда ШҚО Қаржы басқармасында салтанатты түрде бюджеттің атқарылуын талдау және есептілік бөлімінің бас маманы Қамбарова Айдана Қуатқызы мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады.    

А.Қ. Камбарова мемлекеттік қызметке ағымдағы жылдың маусым айында жалпы конкурс қорытындысы бойынша қабылданды. Сынақ мерзімі кезеңінде жас маманға тәлімгер - бюджеттің атқарылуын талдау және есептілік бөлімінің бас маманы З.С. Қамбарова бекітілді, оның басшылығымен ол өз бетінше жұмыс істеу үшін қажетті білім мен дағдыларды табысты игерді.

Басқарма басшылығы мен ұжымы А.Қ. Камбарованы маңызды күнімен құттықтап, кәсіби қызметте одан әрі жетістіктер тіледі.