Сенбілік

Сенбілік

2021 жылғы 17 сәуірден бастап 2021 жылғы 12 маусымға дейін Өскемен қаласы аумағының санитарлық жағдайын тиісті ұстау, абаттандыру және көгалдандыру деңгейін арттыру мақсатында санитарлық тазалау басталды. Қаржы басқармасының қызметкерлері аталған іс-шараға белсенді қатыса отырып, бекітілген қала аумағын тазалауға шықты. «Тазалық – денсаулық кепілі» деп бекер айтылмаған. Бұл мақал тек жеке гигиена ережелеріне ғана емес, сонымен қатар жұмыс орнының, оның ауданының, бүкіл қаланың тазалығына да қатысты болуы керек.