«Адалдық сағаты»

«Адалдық сағаты»

2021 жылғы 1 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасында қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Д.М. Сулейменовтың төрағалығымен «Шығыс-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы М. Бахыт және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы М. Сахариеваның қатысуымен «Парасаттылық сағаты» өткізілді. Өткізілген «Парасаттылық сағаты» барысында қаржы басқармасының мемлекеттік қызметшілері «Шығыс-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысының негізгі бағыттарымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістермен және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралармен танысты.