Биыл 1 қаңтардан бастап “Мемлекеттік сатып алу туралы” заң қолданысқа енгізілді.

Биыл 1 қаңтардан бастап “Мемлекеттік сатып алу туралы” заң қолданысқа енгізілді.

Құжатта сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің сапасын көтеру көзделген. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил жаңа заңда қарастырылған жаңашылдықтар туралы баяндады.

Оның айтуынша, заңда конкурсты өткізу, шағымдарды қарау мерзімдері қысқартылды. Сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қолдауға басымдық берілген.
<30%мөлшеріндегі аванс, айыппұл санкцияларын азайту, сондай-ақ басқа да тауар өндірушілерді қолдау бойынша шаралар қарастырылған>,- деді қаржы вице министрі.

Бұдан бөлек, сатып алулар рейтингтік-балдық жүйеге көшіріліп, әлеуетті жеткізушілердің жауапкершілігі күшейтілді. Енді жемқорлық үшін сотталған, жалақы бойынша қарыздары бар әлеуетті жеткізушілер конкурсқа қатыса алмайды.
2025 жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша 5 трлн теңгеге сатып алу рәсімдері өткізіліп, 4 трлн теңгеге шарт жасалды.