«Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Басқарма мемлекеттік сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын және Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы функцияларын орындайтын мемлекеттік орган болып табылады.
Қоғамдық тыңдау 2026 жылғы 26 маусымда сағат 15:00-де Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1 мекенжайында өтеді.
Талқылауға жұртшылық өкілдері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және барлық мүдделі тұлғалар шақырылады.