Сессия жұмысына депутаттар, Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов, Глубокое ауданы әкімінің орынбасарлары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, ауданның басқармалары мен дербес бөлімдерінің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияда мәселелер қаралды:
1. 2024 жылғы аудандық бюджеттің, кенттер мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы.
2. Глубокое аудандық мәслихатының әлеуметтік даму, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, этика және депутаттық өкілеттіктер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.
3. Әр түрлі:
1) Глубокое аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 19/4-VIII "Глубокое ауданының 2025-2027 жылдарға арналған кенттері мен ауылдық округтерінің бюджеттері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) "Глубокое ауданы бойынша құрметті азамат" атағын беру туралы;
3) Глубокое аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8/17-VIII "аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы"шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы;
4) Глубокое ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы. Талқылаудан кейін шешімдер бірауыздан қабылданды.