Глубокое ауданында Ертіс өзенінің жағалау аймағын тазалау бойынша "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы өтті

Глубокое ауданында Ертіс өзенінің жағалау аймағын тазалау бойынша "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы өтті

Іс-шараға мектеп оқушылары, студенттер мен еріктілерден құралған жастар белсенді қатысты.

Қатысушылар өзен жағалауындағы қоқысты жинап, пластик пен шыны қалдықтарды, құрғақ бұтақтар мен басқа да ластануларды тазартты. Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттау және өңірдегі негізгі су көздерінің бірі – Ертіс өзенінің тазалығын сақтау.

Ортақ күш-жігердің арқасында Ертіс жағалауы айтарлықтай тазарды және көркейе түсті. Мұндай бастамалар өскелең ұрпақтың жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға маңызды үлес қосады.