Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы

2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы (1941–1945) Жеңіске 80 жыл толады. Бұл маңызды дата – кеңес халқының ерлігі, қайсарлығы мен батырлығының символы, тарихтағы айтулы белес.
Мерейтойға орай Глубокое ауданында келесі іс-шаралар жоспарланған:
-ескерткіштер мен мемориалдарға гүл шоқтарын қою рәсімі және салтанатты митингілер;
- ардагерлермен және тыл еңбеккерлерімен кездесулер;
- патриоттық акциялар, көрмелер және мектептерде тақырыптық сабақтар;
- Ұлы Отан соғысы оқиғаларына арналған концерттер, театрландырылған қойылымдар және кино көрсетілімдер;
- әскери-тарихи реконструкциялар.
Іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу халықтың ерлігі туралы естелікті сақтау, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және ел тарихына құрметпен қарауға бағытталған.