Е-Апостиль

Е-Апостиль

Құжаттарға апостиль  қою-  бұл шетелде іс- әрекет етуге қажет құжаттарды  ресімдеуге арналған белгілі бір заңды  талаптарды орындау  әрекеттер  рәсімі. 

Азаматтар шетелге отбасы  жағдайымен    немесе   оқуға  және т.б бойынша  шекарадан өткенде    құжаттарға апостиль  қою рәсімі   қолданылады.  

Апостиль  бір елге берілген  ресми құжаттың  сенімділігін басқа елдің аумағында  дәлелдеу үшін  қажет. 

Осыған  байланысты   апостиль     халықаралық  құжат   алмасуда  маңызды  құрал    және қазіргі уақытта  мемлекеттік қызметтердің сұранысқа ие түрлерінің  бірі  болып табылады.

Әділет  Министрінің міндетін атқарушысымен 27.05.2020 ж. № 58  бұйрығымен  бекітілген «Қазақстан Республикасы  органдарынан, сондай-ақ  нотариустарынан  шығатын ресми  құжаттарға  апостиль  қою  мемлекеттік  қызмет көрсету туралы»  қағидаларына сәйкес  ӘМ , облыстардың,  Нұрсұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының  Әділет Департаменттері  қызмет көрсетуші  болып  табылады.

Қызмет көрсетуші  эксаумақтық қағидаты  бойынша  мемлекеттік  қызмет көрсетеді, бұл апостиль  қоюға  болатын құжат  берілген елдің облысына немесе  қаласына  қарамастан  «апостиль» мөртабанын қоюға  мүмкіндік  береді.

Мемлекеттік  қызмет алуға  электронды өтінім   электрондық үкімет www.egov kz  веб-порталы арқылы  қызмет алушының  электрондық цифрлық қолтаңбасын  пайдалана  отырып  бере алады.  Электронды  «апостиль»   мөртабанын  алу  қызметінің  мерзімі 1(бір) жұмыс  күн.