АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

«БЖЗҚ» АҚ 10 АЙДА КӨРСЕТКЕН ҚЫЗМЕТТЕР САНЫ 20 МЛН. АСЫП ТҮСТІ

 

Салымшылар қызмет алудың түрлі форматтарын таңдайды

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың 10 айында (01.01.2023 бастап  01.11.2023 ж. дейін) өз салымшыларына 20  млн. астам қызмет көрсетті. Оның ішінде 14,4 млн. астам қызмет электрондық форматта, 4,7 млн. астамы – автоматты форматта ұсынылды. Күндізгі форматта, оның ішінде Қордың кеңселерінде және барып қызмет көрсету барысында 1 млн-нан астам операция жүргізілді.

Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы үзінді-көшірме беру – ең сұранысқа ие қызмет болып қалуда. Жыл басынан бері осындай 19 млн-нан астам қызмет көрсетілді. Оның ішінде 14,3 млн астамы - электрондық түрде, тағы да шамамен 4,1 млн қызмет бұрын "электрондық пошта арқылы" хабарлау тәсілін таңдаған салымшылар мен алушылардың мекенжайларына автоматты режимде жіберілді. Ал 503 мыңға жуық үзінді көшірме Қор кеңселерінде берілді.

Жыл басынан бері өткен 10 айда БЖЗҚ ақпараттық базасында автоматты режимде 293 мыңнан астам жеке зейнетақы шоты ашылды.

Деректемелерді өзгертуге 280 мыңға жуық өтініш түсіп, оның 214 мыңнан астамы – Қор кеңселерінде қабылданды. Ал барып қызмет көрсету нәтижесінде 42 мыңнан астам өтінім қанағаттандырылды. Тағы 18 мыңнан астам өтініш электрондық нұсқада берілді. 

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетте салымшылардың (алушылардың) өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-сының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге өтініштің мәртебесін қадағалау, жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтерді әлемнің кез келген нүктесінен 24/7 режимінде пайдалану мүмкіндігі бар. 

БЖЗҚ-ның электрондық форматта қызмет көрсететін барлық ақпараттық жүйелерінің үздіксіз және қауіпсіз жұмысының артында БЖЗҚ мамандары қамтамасыз ететін бизнес-процестерді нақты ұйымдастыру тұр. Олардың үйлесімді жұмысының арқасында қызмет көрсету сервистерін жақсарту үшін енгізілетін барлық жаңа қызметтер Қор салымшыларының сұранысына ие.

Сонымен қатар, көптеген зейнетақы қызметтерін тұтынушылар Қор қызметкерлеріне жеке жүгінгенді жөн көреді. 10 ай ішінде күндізгі форматта 1 млн-нан астам операция іске асырылып, оның 937 мыңнан астамы тікелей Қор кеңселерінде жүргізілсе, барып қызмет көрсету барысында 125 мыңнан астам операция сәтті орындалды.

Қор қызметкерлері 10 ай ішінде зейнетақы жинақтарын өмірді сақтандыру компанияларына (ӨСК) аудару бойынша 8 654 өтінішті өңдеді. Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға аудару туралы 7 692 өтінішті орындады.

БЖЗҚ үшін салымшыларға (алушыларға) сапалы ақыл-кеңес беру және ақпараттық қызметтер көрсету әрқашан үлкен басымдыққа ие. 2023 жылғы 1 қарашаға салымшылардың кері байланыс арналары бойынша өтініштерінің саны шамамен 619 мыңға жетті.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 30 мыңға жуық көшпелі таныстырылым өткізілді. Оған 641 мыңнан астам адам қатысты. Естеріңізге сала кетейік, кез-келген ұйым жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша кеңсеге барып таныстырылым өткізіп, түйткілді мәселелер бойынша ақыл-кеңес алуға өтінім бере алады. Ол үшін жай ғана 1418 нөмірі бойынша Қордың байланыс орталығына қоңырау шалып, БЖЗҚ-ның ресми сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.

Бұқаралық ақпарат құралдарында 39 мыңнан астам материал орналастырылды.

Қордың ақыл-кеңес беру қызметтерін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, БЖЗҚ/ENPF ұялы қосымшасынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsApp және Viber чат-боты арқылы және БЖЗҚ-ның Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан алуға болады.     

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).