Конкурсты ұйымдастырушы: ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы;
электрондық пошта мекенжайы: u.predprinimatelstva@akimvko.gov.kz ;
байланыс телефоны: 8 (7232) 71-32-57;
Конкурстың нысанасы: Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру орны: Kezekte.kz субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінімді және толық конкурстық құжаттар топтамасын ұсынады.
Өтінімдерді беру мерзімі 2023 жылғы "25" қыркүйектен бастап 2023 жылғы "29" қыркүйекке дейін.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен өңірлік үйлестірушінің ресми сайтында танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kasipkerlik/activities/1841?lang=kk.