
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608 бабына сәйкес - жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына берудің жауапкершілігі көрсетілген.
Аталмыш құқық бұзушылық үшін он бес тәулікке әкімшілік қамауға алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалады.
Сонымен қатар, егер көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам масаң күйде тағы да көлік құралын басқаратын болса, онда оның әрекеті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346 бабы бойынша сараланып, оған өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.
Глубокое аудандық сотының баспасөз қызметі