Зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша өсім байқалды 

Зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша өсім байқалды 

БЖЗҚ-ның 2022 жылғы 1 қарашасындағы негізгі көрсеткіштері   

2022 жылдың 1 қарашасына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 14,15 трлн теңге  зейнетақы жинақтары қалыптасты. Жыл басынан бері зейнетақы жинақтарының өсімі 1 трлн теңгеден (немесе 8,2 %) асты.

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жеке зейнетақы шоттарында (ЖЗШ) 1 қарашаға 13,7 трлн теңге жинақталған (бұл барлық жинақ сомасының 97%). 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап МЗЖ бойынша жинақ 1 трлн теңгеге (немесе 8% жуық) өсті.  Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 10 айда 18% ұлғайып, шамамен 426 млрд теңгеге жетті. Ең үлкен өсімді - жыл басынан бері шамамен 85% - ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті. Олар шамамен 3,2 млрд теңге.

2022 жылдың 10 айында зейнетақы жарналарының сомасы шамамен 1,4 трлн теңге болды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 29% немесе 308 млрд теңгедей жоғары. Айта кету керек, жарналардың барлық түрлері бойынша өсім орын алды: өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 28% (немесе 289 млрд теңгеге), МКЗЖ – 38% (немесе 17,3 млрд теңгеге) ұлғайды, ең көп өсім - 228% немесе 1,3 млрд теңге - ЕЗЖ бойынша орын алды. 

Салымшылар мен алушылардың шоттарына таза инвестициялық табыс түрінде шамамен 646 млрд теңге түсті.

Жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына шамамен 1,1 триллион теңге төледі. Оның басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрады – 889,6 млрд теңге. Бірақ бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі еседей аз.

Жасы бойынша төлемдер 23,5% ұлғайып, шамамен 97,2 млрд теңгені құрады. Айта кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 29 877 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 707 326 теңге.  

Сондай - ақ, мұрагерлік бойынша төлемдер - 51,6 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 41,7 млрд теңге, мүгедектік бойынша төлемдер – 1,99 млрд теңге, жерлеуге төлемдер - 4,5 млрд теңге болды. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 21,3 млрд теңге аударылды.

2022 жылдың 1 қарашасына БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 12,1 млн бірлікке жетті. Оның 10,9 млн. - міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылды. МКЗЖ бойынша қалыптасқан шоттар - 588 052 бірлік болса, ЕЗЖ есебінен қалыптасқан ЖЗШ саны 352 824 бірлікке жетті. Жыл басынан бері МЗЖ бойынша шамамен 160 мың шот, МКЗЖ бойынша шамамен 50 мың шот және ЕЗЖ бойынша 293 мыңнан астам шот ашылды

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).