Аудандық әкімдікте тұрғындармен кездесу  өтті

Аудандық әкімдікте тұрғындармен кездесу  өтті

Естеріңізге сала кетейік, ШҚО-да халықты медициналық көмектің қолжетімділігі, сапасы, қаржыландыру және МӘМС жүйесіне тарту мәселелері бойынша неғұрлым егжей-тегжейлі ақпараттандыру мақсатында медициналық көмектің қолжетімділігі мәселелері бойынша халықпен ауқымды кездесулер өтуде.

Бүгінгі таңда ауданның 9 мыңға жуық тұрғыны МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр. Бұл туралы кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Елена Старенкова баяндады.

"МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған мәртебесі бар бұл азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға ғана сене алады. Алайда МӘМС-те сақтандыру мәртебесі медициналық қызметтердің кең спектрін ұсынады, оған бейінді дәрігерлердің кеңестері, түрлі талдаулар мен диагностикалық тексерулер, жоспарлы ем-шара қолдану, медициналық оңалту, жоғары технологиялық медициналық көмекті қолдана отырып емдеу, аурулардың алдын алу және диагностикалау және т.б. кіреді", — деп бөлісті ШҚО ӘМСҚ директоры Нұрлан Қыдырбаев.

Ауданның өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындары үшін МӘМС жарналарын төлеудің жаңа тетігі туралы ақпарат егжей-тегжейлі айтылды. Ол азаматтарға сақтандырылған тұлға мәртебесін бір жыл бұрын алуға құқық береді.

Жаңа тетік бойынша сақтандырылушы мәртебесін бір жыл бұрын алу үшін әр ай үшін 3000 теңгеден жеке төлеу, яғни 12 төлем жасау қажет. Жалпы, бір жыл ішінде 36 мың теңге төлеу қажет. Жаңа әдісті таңдағанда, егер өткен жылы төленбеген кезеңдер болса, оларды төлеудің қажеті жоқ. Төлемді Қазпошта және кез келген екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асыруға болады.

Диалог барысында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Сонымен қатар, ӘМСҚ филиалының директоры ауданның БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.