Глубокое ауданының мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындары алдағы қысқа дайындық жұмыстарына кірісіп, шөп шабуды бастап кетті. Бұл қиын, әрі қажетті шаруа, демек малдың қыстан аман-есен шығуы соның нәтижесіне байланысты. Статистикаға сәйкес, жазғы уақытта өрттер көбінесе жеке үй иелерінің кінәсінен болады, әдетте, негізгі себептерге отты абайсыз қолдану, рұқсат етілмеген жерде шылым шегу, шөп сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу жатады. Шөп көбінесе тұрғын үйлердің, моншаның және басқа да құрылыстардың жанында сақталады. Шөпті жанбайтын материалдан жасалған өртке қарсы қалқалармен қоршалған жапсарлас құрылыстарда сақтауға рұқсат етіледі. Ірі жем азықтарын электр желілерінен кемінде 15 метр, жолдан кемінде 20 метр, ғимараттар мен құрылыстардан 50 метр қашықтықта орналастыру қажет. Тұрғын үйлердің, гараждардың, аула құрылыстарының, үй аумағында жиналған шөптің өрт қауіпсіздігі үшін иесі жауапты болады және де ол шөпті сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Өрт шыққан жағдайда 101 және 112 телефондарына қоңырау шалыңыз!
Глубокое ауданының ТЖБ