Иіс газы-опасыз өлтіруші

Иіс газы-опасыз өлтіруші

Өткен тәулікте Глубокое ауданында иіс газымен уланудың 1 жағдайы тіркелді, 19.05.2022 ж. сағат 15.02-де Өскемен қаласының КҚЖБО 1-ші қалалық ауруханадан иіс газымен улану белгілері бар 1967 ж. т. азаматшаның қабылдау бөлімшесіне жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Материал жинау барысында зардап шегуші Солнечный кентінде, Мир көшесі бойында орналасқан жазғы тұруға арналған саяжай үйінде төсек-орын жабдықтарының бықсуының салдарынан жеңіл дәрежедегі тұншықтырғыш газбен уланғаны анықталды. Дәрігерлердің тексеруінен кейін үйге жіберілді, жағдайы қанағаттанарлық. Шығын жоқ.
Глубокое ауданының ТЖБ жану өнімдерімен, соның ішінде улы газбен улануға жол бермеу үшін кеңес береді: 

  1. Түтінге оранған үй-жайда, тізерлеп еденмен еңбектеп қозғалыңыз , өйтені температура мен жану өнімдерінің құрамы еденде шамамен азырақ болады.
    Ауыз бен мұрынға суға малынған шүберекті басыңыз, бұл ауа жолдарына қауіпті заттардың түсуін біршама төмендетуі керек (дымқыл мата көміртегі тотығынан қорғамайды).
    3. Шығу жолын түтін бағыты бойынша іздеңіз,  өйткені түтін ашық кеңістіктерге қарай жылжиды.
    4. Егер үй-жайдан шығатын жерлерден шығу мүмкін болмаса, үй-жай ішіне түтіннің өтуін  төмендету үшін терезелер мен есіктердің саңылауларын шүберекпен, мүмкіндігінше дымқыл шүберекпен жабыңыз.
    5. Балкондарға, лоджияларға, сондай-ақ түтінденбейтін саты торларына шыққан кезде перделерді жұлып алып, жанғыш заттарды терезеден жылжытып, есікті міндетті түрде жабыңыз (өйткені олардың тұтануы әйнектердің тез шағылуына ықпал етеді).
    Өрт кезінде 101 немесе 112 телефондарына қоңырау шалыңыз!

Глубокое ауданының ТЖБ