Ауылдық округтердегі амбулаторияның жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізу және ауыл тұрғындарымен медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша кездесу ұйымдастыру

Ауылдық округтердегі амбулаторияның жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізу және ауыл тұрғындарымен медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша кездесу ұйымдастыру

2021 жылдың 15 қарашасы күні «Глубокое – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, Р Адильбаева жұмыс тобымен бірлесіп Черемшанка ауылдық округінің дәрігерлік амбулатория жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізді.
Ауылдық дәрігерлік амбулатория 2013 жылдың қараша айында салынып, пайдалануға берілді. Толық жұмыс істеу үшін барлық жабдықтар бар, бірақ, өкінішке орай, ауылдық округте дәрігер –терапевт, зертханашы және акушер жоқ.

Бүгінгі таңда 1 фельдшер Матвеев Алексей Андреевич және 4 медбике жұмыс істейді. Физиокабинет, зертхана кабинеті, егу кабинеті, емшара кабинеті және педиатрия кабинеті бар. Сондай-ақ, стоматология кабинеті бар, бірақ дәрігер мезгіл-мезгіл келеді. Күндізгі бөлімшеде 2 төсекке емшаралар жүргізу үшін жағдай жасалған. Амбулатория ғимараты электрмен жылытылады, автономды электр қазандығы бар, орталықтандырылған сумен жабдықтау және кәріз жүйесі бар.

 Дәрі-дәрмектердің қоры жеткілікті, алайда тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуде үзілістер бар, өйткені жеткізушіден уақтылы жеткізілмейді.  Амбулатория қызметкерлерінің жұмысына тұрғындардың шағымы жоқ.

Бірн күнде амбулаторияға әр түрлі мәселелер бойынша 10-30 адам жүгінеді.

Ғимарат жылы, жарық, бірақ косметикалық жөндеуді қажет етеді.

Ауылдық округті аралау кезінде тұрғындармен әңгімелесу жүргізілді, олар қызметкерлердің жұмысы туралы жақсы пікір білдірді және бейнежазбалар түсірілді.