«Біз жемқорлыққа қарсымыз» жастармен өткізген акциясы

«Біз жемқорлыққа қарсымыз» жастармен өткізген акциясы

12.11.2021 ж. «Глубокое- адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Р. Әділбаева «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлерімен бірлесіп, Прогресс орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен «печа куча» түрінде «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» акциясын өткізді.
Бұл іс - шараның мақсаты: - жас өспірімдерде сыбайлас жемқорлық деген не туралы түсінік қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерімен таныстыру, оған қарсы күрес бойынша Үкімет қандай шаралар қабылдап жатқанын білу.
Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қалай көмектесе алады?
Сабақ барысында сыбайлас жемқорлық туралы, сыбайлас жемқорлықтың белгілері және сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері туралы әңгіме жүргізілді.
Балалар сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның түрлері, қоғам өмірінің түрлі салаларындағы көрініс ерекшеліктері, осы құбылыстың себептері мен әлеуметтік қауіпті және зиянды салдары туралы жалпы түсінік алды. Сыбайлас жемқорлықты тануды үйренді. Іс-шара барысында балалар әлеуметтік бейнероликтерді тамашалады
Іс-шара соңында балалар сыбайлас жемқорлықпен бүкіл әлеммен күресу керек деген қорытынды жасады, сонда бұл құбылыстың толық жойылуына қол жеткізуге болады.