Кепілдік мерзімі аяқталмаған «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша салынған жалға берілетін тұрғын үй, ТҮКШ жаңғырту жұмыстарына және тұрғын үй құрылысы сапасына мониторинг.
Республикасының тәуелсіздігі кезеңінде тұрғын үй құрылысы елдің даму стратегиясының басым бағыттарының біріне айналды. Тұрғын үйдің қолжетімділігі-өмір сапасының маңызды өлшемі. Біздің облыс басшылығы Шығыс өңірінің тұрғындары үшін қолжетімді тұрғын үй құрылысына үлкен көңіл бөлетініне өңір тұрғындары риза.
«Shygys - Adaldyq alany» жобалық кеңсесінің жұмыс жоспарын іске асыру аясында "Глубокое – Adaldyq alany" жобалық кеңсесінің жетекшісі Р.Әділбаева, Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы А. С. Қалиғожинмен, Глубокое аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің бас маманы А. Б. Қотырбаевамен бірлесіп «Бір қабатты Шығыс» өңірлік бағдарламасы бойынша салынған бір қабатты үйлердің сапасына мониторинг жүргізілді.
2020 жылы Глубокое ауданының көп балалы отбасылары үшін «Бір қабатты Шығыс» жобасы аясында жалпы ауданы 2 340 шаршы метр болатын облыстық бюджет қаражаты есебінен 10 екі пәтерлі үй салынды.
Мониторинг жүргізу кезінде жұмыс сапасына көп көңіл бөлінді. Үйлер газоблоктан салынған, сырты тас мақтадан және профлистен жасалған.
Әр үйде су бар, дәретхана, ванна және ыстық су жылытқышы, кіреберісте бөлек қазандық және пеш бар. Жайлы тұрғын үйдің 117 шаршы метрінде екі жатын бөлме, қонақ бөлме, ас үй, кіреберіс, жуынатын бөлме және веранда бар. Барлық бөлмелер кең, жарық, едендер линолеуммен жабылған,
Сондай-ақ, қоршаумен қоршалған 10 ш.м астам жер учаскесі бар.