Назар аударыңыз аукцион!

Назар аударыңыз аукцион!

"Глубокое ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ 2021 жылғы 9 шілдеде сағат 10:00-де мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz (бұдан әрі-тізілімнің веб-порталы) жер учаскелерін және жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша ағылшын әдісімен электрондық аукцион өткізетіндігін хабарлайды.

Аукционға қатысуға өтінімдер беру "Жекешелендіру объектілерін сату Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына және "жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу аукционды өткізу туралы хабарландыру тізілімнің веб-порталында жарияланған күннен бастап жүзеге асырылады және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, содан кейін қатысушылар берілген өтінімді кері қайтара алмайды.

Аукционға қатысу үшін тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

4) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail).

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған қатысу өтінімін тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілімнің веб-порталымен өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі. (аукцион залы – аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі).

Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақытында сату объектісінің бастапқы бағасын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен басталады.

Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы мен жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық өткізілген күні тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату бағасы бойынша сату объектісін сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.

Сатып алу-сату шарты немесе жалға алу шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мерзімде оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.

Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне енгізіледі:

Төлем алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, БСН: 050540004455; СТК: 171; Кбе: 16.

«Қазақстан Халық банкі» АҚ-дағы есеп айырысу шоты (IBAN/ЖСК): KZ946017111000000330; БСК:HSBKKZKX.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қойылмаған жағдайларда жеңімпазға кепілдік жарна қайтарылмайды.

Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар бірыңғай операторға аукцион қатысушысынан тізілім веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қайтарылады.

Сауда-саттықтың ағылшын әдісін қолдана отырып, аукционға мынадай сату объектілері шығарылады:

  1. Верхнеберезовский кентінен солтүстік-шығысқа қарай орналасқан техногендік минералдық түзілімдерді қайта өңдеу жөніндегі фабриканы орналастыру және пайдалану үшін жер учаскесі. Ауданы 22,3 га. Сатып алу жолымен алты жылға дейін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы, бастапқы құны - 7 171 680 теңге. Кепілдік жарна - 358 584 теңге;

Ұйымдастырушы: «Глубокое ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ

Мекенжайы: ШҚО, Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Поповича көшесі 11а.

Ақпарат үшін телефон: 8-72331-21641.