Глубокое-Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесі азаматтарды қабылдауды жүргізді

Глубокое-Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесі азаматтарды қабылдауды жүргізді

"Глубокое-Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесі тұрақты негізде азаматтарды қабылдауды жүргізеді. Жобаның мақсаты мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, азаматтар мен бизнес үшін кедергісіз және қолайлы жағдайлар жасау, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен айқындығы, ауқымды қоғамдық бақылау міндеттерін шешу арқылы азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық атмосферасын одан әрі дамыту болып табылады.

2021 жылғы 1-5 наурыз аралығында жобалық кеңседе 9 адам қабылданды. Азаматтардың өтініштері келесі мәселелерге қатысты болды: жер учаскелерін бөлу, жер учаскесін жалға алу, тұрғын үй алу үшін кезекке қою тәртібі, жылжымайтын мүлікті заңдастыру, туу туралы қайталама куәлік алу, экологиялық куәлік алу, зейнетақы жинақтарын алу тәртібі.

Өткізілген кездесулердің ең маңызды нәтижелерінің бірі тұрғындар өз мәселелерімен жалғыз қалмайтындығын түсіну болды.

Барлық өтініштер бөлім мамандарымен мұқият зерттелді, тиісті шаралар қабылданды, кеңестер берілді.