Азаматтық қорғаныс айлығы

Азаматтық қорғаныс айлығы

Бүкіл Республика бойынша 2021 жылғы 1 наурыз бен 31 наурыз аралығында "Азаматтық қорғаныс айлығы" басталады. Айлық азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су объектілерінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы 2021 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі. Бүгінде біздің елімізде азаматтық қорғаныстың тұтас жүйесі құрылды, оған ТЖМ бөлімшелері де, басқа да билік органдары, түрлі ведомстволар мен ұйымдар кіреді. Жұмыстың маңызды бағыты-қауіп төнген немесе төтенше жағдайлар туындаған жағдайда халықты іс-қимылға дайындау. "Азаматтық қорғаныс айлығының" мақсаты-халық арасында азаматтық қорғаныс іс-шараларын танымал ету, қысылтаяң жағдайларда іс-қимыл жасауға үйрету және халық пен аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы білімді белсенді насихаттау. Жалпы жұмыстың нәтижесі халқтың әртүрлі қауіп-қатерлерден қорғалу деңгейін арттыру, ең бастысы, адамдардың өмірін сақтау, өмір сүру мәдениетін арттыру болып табылады.

Глубокое ауданының ТЖБ