Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу

Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу

Қазіргі таңда ақпараттық техналогоялардың дамуы және Интернет мүнкіндіктерін пайдаланудың кеңеюі арқасында мыңнан астам салық төлеушілер салықтық декларацияларды қағаз жүзінде тапсырудан бас тартып салық есептіліктерін электронды түрде тапсыруға көшкен.

Салық есептіліктерін электронды түрде тапсыру, салықтық өтініштерді электронды түрде жіберу қарапайым әрі қолайлы болды. «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік копрорациясынан алынған Қазакстан Республикасының Ұлттық куәләндіру орталығының электронды цифрлы қолтаңбасы арқылы мемлекеттік қызметті «Электронды үкімет» порталынан электронды түрде алуға болады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде жіберу «Электронды Үкімет» веб- порталы және «Салық төлеуші кабинеті»  Web- қосымшасы арқылы жүзеге асырылатындығын қосымша хабарлаймыз.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының «Мемлекет-азаматтарға» атты міндетінің аясында біздің елде мекемелерге бару қажеттілігінсіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтердіалуға болатын басқарудың моделі іске асқан.

Атап айтқанда, электронды цифрлы қолтаңбаны бір рет алған соң, Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік копрорациясына бармай-ақ, оның қолдану мерзімін жыл сайын www.pki.gov.kz, сайтында ұзартуға болады.

Осылайша, Интернетке кіру мүнкіндігі бар барлық салық төлеушілер үйінен немесе кеңсесінен шықпай-ақ салықтық міндеттемелерін орындауларына болады.