Қыста су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары

Қыста су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары

Су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың және адамдардың өлімінің алдын алу мақсатында Глубокое ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында 31 рейд жүргізді, мұзда өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау туралы 361 нұсқаулықтар және 485 жадымалар таратылды.
Құрметті тұрғындар, сізден су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын сақтауыңызды сұраймыз, қысқы кезеңде бірінші кезекте: тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көріну кезінде мұзға шықпау; жұқа және бекітілмеген мұз учаскелеріне шықпау; мұздың жекелеген учаскелерінде топтармен жиналмау; мұздағы шұңқырларға, жарықтарға, ойықтарға жақындамау; автомобильдермен өткелдерден тыс жерлерге шықпау. Мұз астынан балық аулауға қатысушыларға балық аулауды жеке құтқару құралдары болған кезде ғана жүзеге асыру қажет, шектеулі алаңда екіден артық тесік тесуге және от жағуға жол берілмейді, сондай-ақ өткелдерде балық аулауға арналған торларды орнатуға және тесік тесуге жол берілмейді.
Төтеншежағдайтуындағанжағдайда "112", "101" телефондарына қоңырау шалу қажет.

Глубокое ауданының ТЖБ