Секисовка ауылдық округінде қоғамдық аумақтарды тазалау және арамшөптерді шабу бойынша абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Елді мекендердің тазалығы мен тәртібін сақтау – тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызды шарты. Жүргізілген жұмыстар барысында қоғамдық аумақтар тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, шөп шабу жұмыстары атқарылды. Бұл ауылдық округтің санитарлық жағдайын жақсартып, көркін келтіруге оң әсерін тигізеді.
Елді мекендерді абаттандыру – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған ортақ іс. Осы жұмыстарға белсенді қатысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосқан барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз.
Таза ауыл – әрбір тұрғынның жауапкершілігінен басталады!