
Глубокое кентінде гүлзарларды абаттандыру жұмыстары жалғасуда.
Көрікті гүлзарлар – елді мекеннің сәнін келтіріп қана қоймай, тұрғындарға жайлы әрі көркем орта қалыптастырудың маңызды бөлігі.
Қазіргі таңда мамандар маусымдық гүлдерді отырғызып, жасыл желектерді күтіп-баптап, қоғамдық орындарды әсемдейтін түрлі гүл композицияларын жасауда.
Күтімі жақсы гүлзарлар көшелердің көркін арттырып, тұрғындар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Мұндай жұмыстар туған өлкеміздің тазалығы мен көркеюіне деген ортақ қамқорлықтың айқын көрінісі.
Глубокое кенті күн сайын көркейіп, жайлы әрі гүлденген мекенге айнала берсін!