
Спорттық инфрақұрылымды дамыту және тұрғындардың белсенді демалысына қолайлы жағдай жасау мақсатында Топиха ауылында хоккей кортының құрылысы басталды.
Жаңа спорт нысаны хоккеймен айналысуға, жаппай коньки тебуге және түрлі спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыру балалар мен жастарды тұрақты түрде спортпен шұғылдануға тартуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және ауыл тұрғындарының белсенді демалысын ұйымдастыруға қосымша жағдай жасауға ықпал етеді.
Хоккей кортының құрылысы ауылдың спорттық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады және дене шынықтыру мен спортпен айналысуға қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған.