Облыс әкімі Н.А. Сақтағановтың тапсырмасына сәйкес Глубокое ауданында NEET санатындағы жастармен жүйелі жұмыс жалғасуда

Облыс әкімі Н.А. Сақтағановтың тапсырмасына сәйкес Глубокое ауданында NEET санатындағы жастармен жүйелі жұмыс жалғасуда

Облыс әкімі Н.А. Сақтағановтың тапсырмасына сәйкес Глубокое ауданында NEET санатындағы жастармен жүйелі жұмыс жалғасуда.

Шығыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасы мен облыстық Жастар орталығының өкілдерінің, сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдардың қатысуымен аталған санаттағы жастарға арналған жеке әлеуметтік карталарды әзірлеу бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.

Жұмыс тұрақты негізде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, Мансап орталығымен, «Жанұя» отбасын қолдау орталығымен және басқа да мүдделі ұйымдармен бірлесіп жүргізілуде. Негізгі мақсат – атаулы қолдау көрсету, жұмысқа орналасуға және білім алуға жәрдемдесу, сондай-ақ жастарды белсенді қоғамдық өмірге тарту.