
2026 жылғы 5–14 маусым аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл жағалауында Азияның 20 елінен келген ең мықты спортшылар қатысатын армрестлингтен XXIV Азия чемпионаты өтуде.
Біздің жерлесіміз, бірнеше дүркін чемпион әрі Глубокое ауданының мақтанышы — Владимир Николаевич Уфимцев тағы да өзінің жоғары шеберлігін дәлелдеп, алтын медаль жеңіп алып, өз салмақ және жас ерекшелігі санатында 1-орынға ие болып, Азия чемпионы атанды.
Бұл жеңіс – көп жылғы еңбектің, табанды жаттығулардың және жеңіске деген қайсар жігердің нәтижесі. Владимир Николаевичтің жетістігі – тек спортшының жеке жеңісі ғана емес, сонымен қатар Глубокое ауданы мен Қазақстан спортының дамуына қосылған маңызды үлес.
Владимир Николаевичті жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Оған зор денсаулық, жаңа спорттық жетістіктер және халықаралық аренада толағай табыстар тілейміз!