
Іс-шараға қатысушылар 5, 12 және 25 шақырымдық қашықтықтарда өз бақтарын сынап, тау бедеріндегі күрделі бағыттар мен көркем табиғат аясындағы маршруттарды еңсерді.
Мұндай спорттық шаралар бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және белсенді демалыс мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Жарысқа қатысқан барлық спортшыларды сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!