Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауы туралы хабарландыру

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауы туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Парыз» Республикалық байқауын өткізудің басталғаны туралы хабарлайды.

Ауданда жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейлерде «Парыз» байқауы  өткізіледі. Байқау жеке кәсіпкерлік субъектілерінің халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Байқауды өткізу мақсаттары:

  • жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін де, жалпы қоғам

үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру;

  • осы саладағы оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».

Бұл номинацияда өз қызметкерлерін қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды

әлеуметтік бейімдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі (еңбекақы мен әлеуметтік төлемдерді, кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау жүйелерін ұйымдастыру, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың ең көп санын жұмысқа орналастыру және т. б.) қаралады;

  • «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».

Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын

сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қарастырылады;

  • «Үздік ұжымдық шарт».

Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген

қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

4) «Экологияға қосқан үлесі үшін».

Бұл номинацияда қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда айтарлықтай ерекшеленген үміткерлердің қызметі қарастырылады.

Байқауға қатысуға үміткерлер жіберіледі:

1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асырған;

2) тарату сатысында емес, банкрот деп танылмаған;

3) еңбек заңнамасын жойылмаған бұзушылықтар, оның ішінде

қызметкерлердің жалақысы және басқа да төлемдері бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;

  • қызметкерлермен ұжымдық-еңбек даулары жоқ;
  • Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни

ұйымдарды қолдауға бағытталмауға тиіс әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асырады;

  • байқауға қатысуға өтінімде дәйекті мәліметтер көрсетіледі, сондай-ақ

құжаттарды толық көлемде табыс етеді.

Қазіргі уақытта жұмыспен қамту бөлімі осы байқау бойынша өтініштер жиынтығын өткізуде, байқауға қатысу тегін. Қатысу үшін «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не өтінішті электрондық және қағаз тасымалдағышта ұсынуға болады. Анықтамалар үшін: Глубокое кенті, Пирогов көшесі 6, тел.2-15-35.