
Глубокое ауданы әкімінің аппаратында әкім орынбасары Старенкова Елена Васильевнаға әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары жүктелген. Бұл лауазым мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексі талаптарын және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетуді, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің осы талаптарды сақтауына бақылау жасауды және мемлекеттік қызметті насихаттауды көздейді.
Осыған байланысты мемлекеттік қызметке арналған айдарымызды ашамыз.
Қазақстан Республикасында Мемлекеттік қызметші күні жыл сайын 23 маусымда атап өтіледі.
Бұл кәсіби мереке Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы желтоқсандағы Жарлығымен бекітілді. Күннің таңдалуы кездейсоқ емес: ол БҰҰ аясында өткізілетін Халықаралық мемлекеттік қызмет күнімен тұспа-тұс келеді.
Бұл мереке ресми демалыс күні болып саналмайды, алайда осы күні еліміздің барлық өңірлерінде салтанатты марапаттау рәсімдері, семинарлар мен жиналыстар өткізіліп, мемлекеттік қызметкерлердің еңбегі атап өтіледі.
Мемлекет – қоғамдық-саяси биліктің ұйымы және оның өз міндеттері мен функциялары бар. Бұл міндеттер мен функциялар мемлекеттік қызметшілердің нақты іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
«Мемлекеттік қызмет» ұғымы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет құқықтық институтындағы ең маңызды әрі мәнді ұғымдардың бірі болып табылады.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі – мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі қызметі».
Мемлекетті лайықты мемлекеттік қызмет өкілдері – құзыретті, адал, заңды құрметтейтін және орындайтын, халықтың мұқтажына үн қата алатын қызметшілер танытуы тиіс. Құзыретті әрі кәсіби мемлекеттік аппарат құрылмайынша, кез келген демократиялық өзгерістер нәтижесіз болуы мүмкін. Осыған байланысты мемлекеттік аппараттың кадрлық құрамын дұрыс іріктеу мен орналастыру маңызды міндет болып табылады.