
Өскемен қаласындағы Самал саябағында «Заң және тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында «Территория Закона» атты Graffity Battle фестивалі өтті.
Аталған іс-шараға ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Предгорненская орта мектеп-балабақша кешені» КММ-нің 8-сынып оқушысы Загородская Наталья белсене қатысты.
Наталья шығармашылық қабілетімен, креативтілігімен және белсенді азаматтық ұстанымымен ерекшеленді. Фестиваль қорытындысы бойынша алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Натальяны лайықты жетістігімен құттықтап, шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!