
Жеңіс күні облыс әкімі аудан әкімімен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері Стрехо Павел Еремеевичті 9 Мамыр - Жеңіс күнімен құттықтады.
Ардагерге көрсеткен ерлігі, батылдығы және Жеңіске қосқан өлшеусіз үлесі үшін шынайы алғыс сөздер айтылды. Оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, амандық, бейбіт өмір және жақындарының қамқорлығын тіледі.
Құрмет пен ризашылық белгісі ретінде ардагерге естелік сыйлықтар мен гүл шоқтары табыс етілді.