
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстыққауіп-қатерлердіңжәне қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды жалған инвестициялық платформаларда, deepfake технологияларын, сондай-ақ бұрын жоғалған инвестицияларды қайтару бойынша жалған қызметтерді пайдалана отырып, азаматтарды қаржылық алаяқтыққатарту бойынша интернет-алаяқтардың күшейе түсуітуралы ескертеді.Егер бұрын шабуылдаушылар «Қазатомөнеркәсіптің» фишингтік сайттарын пайдаланса, бүгінгі таңда киберқылмысшылар екінші деңгейлі банктердің, ірі құрылыс фирмаларының жалған инвестициялық платформаларын жасап, deepfake технологиясының көмегімен танымал тұлғалардың суретін, бейнесін немесе дауысын пайдаланып, азаматтардың ақшасын иелену үшін алаяқтық платформаларды ілгерілетуде.Сонымен бірге, әлеуметтікжелілерде адал емесброкерлерден зардап шеккендерге ақша қаражатын қайтару бойынша қызметтер белсенді түрде жарнамалануда. Алайда, бұл инвестиция салу нәтижесінде қаражатынан айырылған азаматтарға бағытталған қайталама алаяқтық схема.Сақ болыңыз!Ақша қаражатын сақтау үшін мыналар ұсынылады: -күмәнді сілтемелер бойынша өтпеу; -дербес және банктік деректерді үшінші тұлғаларға бермеу; -әлеуметтік желілер, мессенджерлер және жарнамалар арқылы таратылатын инвестициялық ұсыныстар туралы ақпаратты, әсіресежоғары әрі кепілдендірілген табыс уәде етілген жағдайларда, мұқият тексеру; -алаяқтық белгілері анықталған жағдайдақұқық қорғауоргандарына дереу хабарласужәнебанкті хабардар ету ұсынылады. Алаяқтар сеніммен ойнайды. Өзіңізді алдауға жол бермеңіз.
Комитеттің Қылмыстыққауіп-қатерлерді жәнеқоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы.