18 ақпанда, Глубокое ауданының Солнечное ауылында Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының еңбек ұжымы және қызмет алушыларымен кездесу өтті

18 ақпанда, Глубокое ауданының Солнечное ауылында Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының еңбек ұжымы және қызмет алушыларымен кездесу өтті

18 ақпанда, Глубокое ауданының Солнечное ауылында Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының еңбек ұжымы және қызмет алушыларымен кездесу өтті.
Іс-шара барысында қатысушыларға Конституцияның жаңа жобасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 2026 жылғы 15 наурызда өтетін алдағы республикалық референдум туралы ақпарат берілді. Жобаға енгізілген негізгі ережелер қарастырылып, азаматтардың дауыс беруге қатысуының маңыздылығы атап өтілді.
Кездесуге қатысушылар талқыланған тақырыпқа қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған барлық мәселелер бойынша жауаптар алды. Мұндай кездесулер халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және ақпараттандыру деңгейін көтеруге ықпал етеді.