
31 қаңтарда Глубокое ауданы әкімінің жүлделеріне арналған аудандық көпфункционалды спартакиада есебіне cross ICE хоккейінен аудан біріншілігі өтті.
Жарысқа ауылдық округтер мен кенттерден 9 команда қатысты. Матчтар Глубокое, Прогресс және Топиха ауылдарындағы хоккей қораптарында өтті.
финалға шықты:
▪️ Кожохово а.о.
▪️ Белоусовка к.
▪️ Тарханка а.о.
▪️ Глубокое к.
Мәрелік ойын 14 ақпанда
Прогресс ауылында өтеді.
Командаларға сәттілік, керемет матчтар мен жеңістер тілейміз!