Құрметті тұрғындар!

Құрметті тұрғындар!

Алдағы уақытта ауа температурасының төмендеуі күтілуіне байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды және барынша сақ болуларыңызды сұраймыз.Суық ауа райы кезеңінде жылыту құралдарын, пешпен жылыту жүйесін және газ жабдықтарын пайдалану кезінде төтенше жағдайлардың туындау қаупі артады. Өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды, электр желілеріне артық жүктеме түсірмеуді, пештер мен түтін мұржаларының жағдайын уақтылы тексеруді, сондай-ақ көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу үшін үй-жайлардың жеткілікті желдетілуін қамтамасыз етуді сұраймыз.Мүмкіндігінше сыртта ұзақ уақыт болуды шектеу ұсынылады, әсіресе балаларға, қарт адамдарға және созылмалы аурулары бар азаматтарға. Сыртқа шығу қажет болған жағдайда ауа райына сай жылы киініңіздер.

Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!