10 қаңтар күні Прогресс ауылында жаңа хоккей алаңында шайбалы хоккейден жаңа жылдық турнир өтті 

10 қаңтар күні Прогресс ауылында жаңа хоккей алаңында шайбалы хоккейден жаңа жылдық турнир өтті 

Мұз айдынында ардагерлер мен жастар командалары кездесіп, әр буынның спортқа деген сүйіспеншілігін паш етті. Турнир достық әрі мерекелік көңіл-күйде өтті, сонымен қатар тартысты да әсерлі ойындармен ерекшеленді. Көрермендердің қолдауы мен командалық рух сайыстың ажарын аша түсті.Жарыстың жаңа хоккей алаңында өтуі ерекше маңызға ие. Бұл алаң бүгінде ауыл тұрғындары үшін белсенді демалыс пен бұқаралық спортты дамытуға арналған маңызды орынға айналуда.Мұндай іс-шаралар спорттық дәстүрлерді нығайтып, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға зор үлес қосады.

Бұл турнир алдағы уақытта игі дәстүрге айналсын!