
Заң және Тәртіп идеологиясын одан әрі ілгерілету және профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында халықтың аталған идеологияның ақпараттық материалдарына жедел қол жеткізуін қамтамасыз ететін QR-код әзірленіп, енгізілді. Бұл шара азаматтардың құқықтық ақпаратпен қамтылуын кеңейтуге және тұрақты құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Осыған байланысты, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10 және 26-баптарын басшылыққа ала отырып, көрсетілген сайтқа орналастырылған QR-кодтарды профилактикалық жұмыста пайдалану, сондай-ақ оларды аудан аумағында тарату жұмыстарын ұйымдастыру қажет. Атқарылған жұмыс туралы ақпаратты растайтын құжаттармен бірге 2025 жылдың 22 желтоқсанына дейін аудан прокуратурасына жолдау керек.