
Тілдерді оқыту орталығы 2025 жылғы 11 желтоқсанда «Елімнің бақыты – Тәуелсіздік!» атты онкүндігі аясында ауылдық округтердегі тіл үйренушілер арасында «Тіл – асыл қазына» аудандық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты: Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту, еліміздің тәуелсіздігін дәріптеу. Аталған іс-шара Быструха ауылында өткізілді. Оған Опытное поле, Уварово, Белокаменка, Секисовка, Черемшанка, Малоубинка, Быструха ауылдарынан тыңдаушылар қатысты.
Байқаудың барлық кезеңдерінде жақсы нәтиже көрсеткен Белокаменка ауылының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.В. Зуева жеңімпаз атанды.