Бүгін Глубокое кенті мәдениет, музыка және дәстүрдің тоғысқан нағыз орталығына айналды!

Бүгін Глубокое кенті мәдениет, музыка және дәстүрдің тоғысқан нағыз орталығына айналды!

Мұнда өңірдің талантты орындаушылары, шығармашылық ұжымдары мен музыкалық өнердің жанкүйерлерін бір арнаға тоғыстырған түркі музыкасының мерейтойлық, оныншы өңірлік фестивалі “Ұлы дала сазы” өтті.
“Ұлы дала сазы” — жай ғана концерт емес. Бұл – тарих үні, түркі мәдениетінің бай мұрасы, ұрпақтар сабақтастығы және ұлы даланың жүрек жылуы. Фестивальде домбыра күйлері, ұлттық әуендер, этно-ырғақтар мен түркі мұрасын заманауи тұрғыда жаңғыртқан музыкалық қойылымдар орындалды.
Көрермендер өнерпаздарды ыстық ықыласпен қарсы алып, фестивальдің атмосферасы шабытқа, бірлікке және мәдени байлығымызға деген мақтанышқа толы болды.