Дауылды ескерту!

Дауылды ескерту!

«Қазгидромет» мәліметінше, 10 қараша күні Шығыс Қазақстан облысының аумағында қолайсыз ауа райы күтіледі:

Жауын-шашын (жаңбыр, қар),
Көктайғақ, боран,
Оңтүстік, оңтүстік-батыс бағыттан соққан желдің екпіні 15–20 м/с, кей жерлерде — батыста, солтүстікте және оңтүстікте — 23–28 м/с-қа дейін жетеді.

Облыстың солтүстігі мен шығысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Өскемен қаласы: таңертең және күндіз – жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран, желдің екпіні 23 м/с дейін.

Жолдарда барынша сақ болыңыздар!

Жаяу жүргіншілерге мұз қатқан учаскелерде абай болып, қозғалыс кезінде сақтық шараларын сақтау ұсынылады.

Ауа райы нашарлаған жағдайда, мүмкіндігінше сапарларды шектеу қажет.

Өздеріңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!