
Таңертеңнен бастап ауданның елді мекендерінде жолдар мен аулалар қардан тазалануда.
Жұмысқа арнайы техника – автогрейдерлер, жүк тиегіштер және тракторлар тартылды.Негізгі мақсат – көлік пен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету. Қардың толығымен тазартылуына дейін жұмыстар жалғасады.